Жыл басынан бері кемінде 122 түркімен азаматы Ресей қорғаныс министрлігімен шартқа отырған

2025 жылдың басынан бері кемінде 122 түркімен азаматы Ресей қорғаныс министрлігімен шартқа отырған. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан шетел жалдамалылары туралы дерек жариялайтын украиналық "Хочу жить" жобасы хабарлады.

Қордың мәліметінше, Түркіменстан билігінің алдын алу шараларына қарамастан ресейліктер түркімен азаматтарын соғысқа тарта алған, оларды көбіне штурм жасайтын бөлімшелерге жібереді.

2023 жылдан бері жоба дерегінше, соғысқа тартылған түркімен азаматтарының саны біртіндеп артып келеді, бірақ ол жағынан Түркіменстан Орталық Азия бойынша ең соңғы орында тұр. Азаматтарды соғысқа итермелейтін негізгі себептердің бірі – қаржылай сыйақы мен Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі.

Жоба өкілдерінің айтуынша, шетел азаматтары көп жағдайда алдыңғы шепке жіберіледі және тылдағы бөлімшелерге сирек тап болады.

Украина сыртқы істер министрлігі бұған дейін Ресей әскеріне тартылған шетел азаматтарын әскери қимылдардан қашып, мүмкіндік болған жағдайда "Хочу жить" жобасы арқылы өздеріне шығуға үндеген.

Жалпы алғанда Орталық Азия елдерінен барған кемінде 1257 азамат келісімшарт мерзімі біткеніне қарамастан Украинада Ресей әскері қатарында жүр деп хабарлады "Хочу жить" жобасы.

Бірінші орында Өзбекстан тұр: жоба мәліметінше, кемінде 436 өзбек азаматының келісімшарты аяқталса да Ресей әскері қатарында соғысып жүр.

Жоба мәліметінше, Ресей әскерінде келісімшарт мерзімі аяқталған тағы 367 тәжік азаматы, 241 қазақстандық, 155 қырғыз азаматы бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Хочу жить" жобасы 2025 жылы Ресей әскеріне қосылған 628 тәжік азаматының тізімін жарияладыУкраинадағы соғысқа қатысқан Атырау тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды"Хочу жить" жобасы: Биыл Ресей әскері кемі 327 қырғыз азаматымен шарт жасасқан"Сүйегін елге әкелмеңдер". Қазақстан азаматтары Украинадағы соғыста қалай қаза тауып жатыр?"Хочу жить" жобасы: Жыл басынан бері 902 өзбек азаматы Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан