Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған, ұлтымыз қазақ дейтін үш жүзден астам адам Қазақстан билігінен жәрдем сұрап, үндеу жариялады. Олардың сөзінше, тамыздың басында Пәкістан үкіметі елде заңсыз жүргендерді депортациялау туралы шешім шығарған.
Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған ұлты қазақ үш жүзден астам адам Қазақстан билігінен көмек сұрады. Олар Пәкістан билігі елде заңсыз жүргендерді депортациялауды ұйғарған соң әрі-сәрі күйде екенін айтады. "Талибан" қозғалысы басқаратын Ауғанстанға қайтып барсақ, тағдырымыз не болады деп алаңдайды.
Ресейде 592 мыңға жуық қазақ бар. Олардың көбі Қазақстан мен Ресей шекарасының бойында тұрады. Азаттық кейінгі жылдары Қазақстанға Ресейден көшіп келген ұлты қазақ екі адаммен сөйлесті. Олар Ресей қазақтарының тіршілігі, соғыста қаза тапқан жерлестері мен атамекендегі өмірі туралы әңгімеледі.
Азаттыққа хабарласқан бірнеше адам Үрімжідегі Қазақстан консулдығында қазақ визасын алу кезегі "саудаланып жатқанын" айтты. "Делдалдар" бір адамнан кемі 1500 юань (94 мың теңге) талап етеді дейді олар. Ал СІМ өкілі мұндайға барған консул болса, "баяғыда жұмыстан кеткен болар еді" дейді.
Азаттыққа хабарласқан бірнеше адам Қытайдағы Қазақстан консулдығына қарайтын виза беретін ресми орталыққа құжат тапсыру үшін "ақша төлеп кіруге мәжбүрміз" дейді. Қазақстан СІМ өкілі "консулдықтың саудаға қатысы жоғын" айтады. Азаттық мән-жайды сұрастырып көрді.
Қазақстан үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен Иран азаматтарының елге 14 күнге дейін визасыз кіруіне рұқсат берілді. Бірақ ол елдегі қазақ диаспорасы өкілдері "бұл тек туристерге ғана ыңғайлы, ал қандастарға еш қатысы жоқ" дейді. Олардың виза алуы тіпті қиындай түскен.
Шыңжаңда қамауда болып, қысым көргендердің көбі Қазақстанға келгеннен кейін үнсіз қалады. Көрген қорлығы мен шеккен азабын айтуға ықылассыз. Туыстары "оларды қатты қорқытып тастаған" дейді.
Түркияда болған зілзаладан бірнеше мың адам қаза тауып, ондаған мың адам зардап шекті. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. "Хабарсыз кеткендердің арасында қазақтар да бар" деген хабар тарады. Азаттық Түркияда тұратын қазақтармен сөйлесіп, табиғи апаттан кейінгі жағдайды білді.
Саратов тұрғыны Виктор Потапов қыркүйекте ішінара мобилизациядан бір апта бұрын ерікті түрде Украинаға соғысуға кеткен. Үйінде әйелі мен екі баласы қалған. Потаповтың үлкен ұлы – мүгедек. Гүлайым Дербесова күйеуінің соғысқа шарасыздықтан кеткенін айтады.
Тағы